Duman - Әдет

Duman Әдет

72
0

Сені күнде ойлау маған әдет болып қалғандай
Суретіңе қарап көз ілемін армандай.
Мойындаймын жаным мен шынайы ғашықпын
Қыз жібекке Төлеген ғашық болғандай.

Хабарлама күту әдет болып қалғандай
Жүрегіме біреу кілтсіз құлып салғандай..
24/7 өзге ешкіммен шаруам жоқ
Махаббатқа әлсіз едім мен қандай..

Қызғанамын себепсіз ол - жаман әдет
Бірақ қорқам сені жоғалтып алам ба деп
Басқаларға қатты жүрегім
Жұмсарады семен білемін

Айта берсін, кінәләсін мені қаншама рет
Сол қалыпта баяғы, әлі сол бір әдет
Басқалармен суық болсамда
Сенің қасыңда мен өзгемін

Сен үздік кино, ал мен сенің жалғыз көрерменің
Көп қараның ішінен таңдаған кейіпкерім
Сені көргенде де тым ерекше мен кейіптемін

Сендегінің бәрі маған ұнайд
Сен болсаң қасымда, мына әлемде тіпті мүлде қыста болмайды
Жүрегің тоңбайды

Поделиться

Песни Duman