Il'Han - Ake

Il'Han Ake

126
1

Өзіңсіз
Әкешім өмірімнің он алтыншы жылы өтті
Сағынышым жүдетті
Есіме алсам сол күнді
Өне бойым дір етті
Қауқарсыз
Болсам да қарсы тұрдым сынақтарға келгенде
Қиындықтар көргенде
Жеңіле алмайм өйткені
Сенің қаның бар менде
Анашым әлі күнге дейін жатады
Жастанып
Сен қайтқан күн келген сайын күрсінеді
Жүрегінен жас тамып
Ауыр мұңы басталып
Әке
Басыңа бармағалы көп болды
Кешірші уақыт жоқ болды
Әке
Шаршамай талмай ұлың шауып жүр
Ризығын үйдің тауып жүр
Көрсетемін енді бар қызықты анама
Жалғыз анама
Өте жақын арада
Сағынышымызды мауқымызды басатын
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да
Есейдім
Мықты боп қатты болып өстім әке жасымнан
Сөз асырмай басымнан
Бұрын саған еркелеп
Шыға алмаушы ем қасыңнан
Маңдайдың
Терімен еңбек етіп жібермедім ақымды
Айтар сөзім ақырғы
Уәде берем мен сенің
Өшірмеймін атыңды
Анашым әлі күнге дейін жатады
Жастанып
Сен қайтқан күн келген сайын күрсінеді
Жүрегінен жас тамып
Ауыр мұңы басталып
Әке
Басыңа бармағалы көп болды
Кешірші уақыт жоқ болды
Әке
Шаршамай талмай ұлың шауып жүр
Ризығын үйдің тауып жүр
Көрсетемін енді бар қызықты анама
Жалғыз анама
Өте жақын арада
Сағынышымызды мауқымызды басатын
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да

Поделиться

Песни Il'Han