
Il'Han Oqiga
Куәсі болдым сәтсіз біткен романның
Түсіндім жаман екен зары адамның
Сендерге бір оқиға айтып берейін
Айтпасам бітеліп қалардай көмейім
Бір жігіт бар еді алыстан таныған
Сырласып қалып ек жарылды ағынан
Сүйгені болыпты боз бала шағынан
Жүзігі салынған сырғасы тағылған
Серт беріп бір-бірін сүйем деп мәңгілік
Жүргенде сән құрып әр сәтті ән қылып
Тойына бірер ай қалғанда сүйгені
Жазылмас ауруға қалыпты шалдығып
Сенбейді сонда да тағдырға көнеді
Соңғы рет құшақтап көз жасын төгеді
Содан соң амалсыз сүйгенін көмеді
Ақылынан адасардай жынды болып
Өз-өзіне сыя алмады
Жігіт болып тұрса да жылай берді, жылай берді
Көздің жасын тыя алмады
Мұңайғанда сүйгеніне ең ұнатқан гүл шоқтарын
Жұп санды қып жиі арнады
Одан кейін ол ешқашан ешкімді, ешкімді де
Сүйе алмалы
Оны қимады